Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.