• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Қаңтар, 2023

Мерекеден кейінгі алғашқы сауда-саттықта доллар бағамы өсті

311 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 465,39 теңгені құрап, бірден 2,73 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еуроның орташа өлшенген бағамы 493,90 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 67,45 теңгеге (+1,42) жетті.

Ресей рублімен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк рубль бағамын 6,43 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 466-470 теңгеден, еуроны – 493-499 теңгеден, ресей рублін – 5,9-6,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 4 қаңтардағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 0,21%-ға төмендеп, барреліне 81,93 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 0,35%-ға, барреліне 76,66 долларға дейін төмендеді.