Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2 589 адам коронавирус инфекциясынан (–2 410+ және 179 КВИ-) емдел3п жатыр. Олардың ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
12 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.