Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство алқасының кулуарында қазақстандық ЖОО-лардың қызметін реттеуді қайта қарау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат Нұрбектің айтуынша, 2022 жылы Қазақстанда 16 ЖОО лицензиясынан айырылған. Қазір лицензиядан айыру мәселесі бойынша 5 жоғары оқу орнымен сот процестері жүріп жатыр.
«Биылдан бастап біз мемлекеттік бақылау моделін өзгертетін боламыз. Бұл ретте «таза парақтан» қағидаты енгізіледі. Қазір ЖОО-ларда бұрынғы классикалық бұзушылықтар әлі де байқалады. Мұнда материалдық-техникалық базаның студенттер санына, жоғары білім сапасын қамтамасыз етуі тиіс профессорлық-педагогикалық құрамның санына сәйкес келмеуі, сондай-ақ кітапхана қорының сәйкес келмеуі туралы айтып отырмыз», деп атап өтті Саясат Нұрбек.