• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қаңтар, 2023

Бразилияның бұрынғы президенті ауруханаға түсті

196 рет
көрсетілді

Бразилияның бұрынғы президенті Джейр Болсонаро Америка Құрама Штаттарында ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы саясаткердің әйелі Мишель Болсонаро Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір экс-президент Орландодағы (Флорида) AdventHealth Celebration ауруханасында жатыр. 

Ол Болсонароның қатты ауырғаннан кейін ауруханаға жеткізілгенін баяндады. 

Мишель Болсонароның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы 2018 жылғы сайлау митингісінде өзіне жасалған қастандықтан кейін денсаулығына шағымдана бастағанын түсіндірді. Ол кезде қаскөй оның ішіне пышақ сұғып алған. Оқиға салдарынан Джейр Болсонароның асқазанына ауыр зақым келді, тіпті бірнеше ота жасалған еді.

Бұған дейін Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонароның жүздеген жақтастары полиция қоршауын бұзып өтіп, елдің Ұлттық конгресінің ғимаратына басып кірген. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын газ қолданған. 

Болсонароның жақтастары әскерилерден сайлауда жеңіске жеткен Луис Инасио Лула да Силваның билікке келуіне жол бермеуді талап етті.