Астана қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қыс басталғалы бері қаладан 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
10 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жұмысшы шығып, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1 673 текше метр қар шығарылды, бұл 204 ауыр жүк көлігіне тең.
Қыс мезгілі басталғалы бері полигондарға 1,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Қазір қалада 30 градус аяз орнап тұр.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және көшеде ұзақ уақыт жүрмеуі керек», делінген әкімдік хабарламасында.