• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Қаңтар, 2023

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ 3,1%-ды құрады

199 рет
көрсетілді

Бүгін өтіп жатқан Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылы экономиканың өсімі 3,1%-ды құрағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, сыртқы жағымсыз факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1%-дық өсімге қол жеткізді.

«Нақты сектордағы өсім 3,2%-ды, қызмет көрсету саласында 2,5%-ды құрады. Өсудің оң қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді», деді Әлібек Қуантыров.

Ол тау-кен өнеркәсібінде өсу қарқыны 1%-ға төмендегенін нақтылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,8%-ды құрады.

«Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 15,4%-ға, ауыл шаруашылығында 6,9%-ға, көлікте және қоймада 5,5%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте 5,6%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 14,2%-ға ұлғайды», деп қосты Әлібек Қуантыров. 

Өңірлік бөліністе үздік көрсеткіштер Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларында байқалады.

Соңғы жаңалықтар