Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ақбөкеннің популяциясын реттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрлік алқасында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бірқатар тапсырмалар берді.
«Мемлекет басшысы ақбөкен популяциясын басқрау, оның ішінде мүмкін болатын жою жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл іс-шараларды биыл бастап, ғылыми зерттеулер жүргізу қажет», деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, браконьерлікпен күресті жоғары деңгейге көтеру, құқық қорғау органдарымен және басқа да табиғатты қорғау ведомстволарымен өзара әрекеттесу арқылы қорғау шараларының тиімділігін арттыру қажет.