• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 14 Қаңтар, 2023

Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

670 рет
көрсетілді

Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар Сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп жазады Egemen.kz.

Жалпы сайлауға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардан 148 депутаттың 132-сі қатысты.

Халық қалаулыларының таңдауы бойынша басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды. Оған халық қалаулыларының 100-і сенім білдірген. Ал, Ғабит Тұрсынбайға 29 депутат дауыс берді. Қалған 3 депутаттың 2-уі «барлығына қарсымын» деп таңдау жасаса, біреуінің бюллетені жарамсыз деп танылған.

Амангелді Толамисов Жетісу облысынан Парламент Сенатына 6 жылға сайланып отыр.