Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында ұйымдастырылған WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесіндегі финалда жеңіліп қалды.
Аталған турнирде ресейлік теннисші Анастасия Павлюченковамен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз финалда бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстан-Ресей теннисшілерінен құралған жұп қарсыластарына екі сетте – 7:5, 7:6 (7:3) есебімен есе жіберді.
Е.Рыбакина мен А.Павлюченко бастапқы бәсекеде румыниялық Ана Богдан мен ресейлік Ангелина Габуева жұбын екі сетте жеңсе (7:6, 6:2), ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурден басым түсті – 6:3, 6:3. Ал жартылай финалда украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенконы жарыс жолынан ығыстырған болатын – 6:4. 7:5. Елена мен Анастасия турнирдің финалына дейін жеткені үшін 305 рейтингтік ұпай олжалап, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.