Алматылықтардың назары Ботаникалық бақтағы өнер туындыларына ауды. Халықаралық білім корпорациясында сәулетші, дизайнер, көркемөнер мамандығында оқитын студенттер табиғи материалдардан ерекше туындылар жасап, қала тұрғындарына тарту етті.
Ботаникалық бақты тазалау барысында бұтақ, қураған шөп, ағаш діңін кәдеге асырған студенттердің қолынан шыққан өнер туындыларының қатарында жәндіктерге арналған үйшіктер де бар. Қыс мезгілінде мұндай үйшіктер иесіз тұрғанымен, көктем шыға жәндіктер ұялай бастайды. Аппақ қар үстінде бой көтерген ерекше дүниелер студенттердің табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігінен туындаса керек. Inalmaty дерегі бойынша, Ботаникалық бақ мамандары бұл игі істің алдағы уақытта жалғасын тапқанын қалайды. Бақта түрлі пішіндегі композициялар үшін материалдар жеткілікті. Сондықтан да мамандар қаламызға ерекше көрік беретін жобаларды қолдауға дайын.
Ботаникалық баққа келушілер өнер туындыларының жанында суретке түсіп, қысқы бақтың ерекшелігіне тамсануда.
АЛМАТЫ