• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2023

Алматыда ұрлық саны азайды

524 рет
көрсетілді

Алматыда өткен жылы қалта ұрлығы мен көлік салонынан ұрлық жасау азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, қоғамдық орындардағы ұрлық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға қысқарған. Сонымен қатар қалта ұрлығы 2,0%-ға, көлік салонынан ұрлық жасау 63,6%-ға азайған.

«Автокөліктерден ұрлық жасау әйнекті сындыру, кілт таңдау, құлыпты бұзу және еркін кіру арқылы жасалады. Сондай-ақ пәтер тонау деректері бойынша 136 эпизодтан астам ұрлық жасағаны дәлелденген 33 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Автокөліктердің құлпын бұзу, әйнекті сындыру және бөлшектеу арқылы ұрлықпен айналысқан 20 топ ұсталды», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және басқа да орындарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысқан 153 топтың әрекеті тоқтатылған. Бұл ретте бөтеннің мүлкін ұрлаудың 638 дерегін жасағаны үшін кінәлі деп танылған 391 ұры ұсталған.