• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2023

Оралда заңсыз қару сақтаған тұрғын ұсталды

323 рет
көрсетілді

Оралда атыс қаруын үйінде сақтаған 27 жастағы тұрғын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда сағат 15:30 шамасында БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері 27 жастағы тұрғынды ұстады. Оның пәтерінен тінту барысында атыс қаруы, атап айтқанда 12 калибрлі ИЖ-К маркалы бір оқпанды мықтықтың кесіндісі табылды.

Қару атуға жарамды екендігі анықталды. Ер адамның тіркелмеген қарудың қайдан сатып алынғанын және қандай мақсатта сақтағанын полицейлер анықтап жатыр.

Қазір ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз айналымнан қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтау, табу жөніндегі жұмысты БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді. Бұл іс БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында болады.