• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2023

Жол апаты жиі болатын күндер аталды

213 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында 13,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 1,7 мыңы адам өлімімен аяқталған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ranking деректеріне қарағанда, жол апатының 11,6 мыңы жүргізуші кесірінен болған. 378 жол апатында жаяу жүргінші кінәлі болса, тағы 3 апат коммуналдық қызметкерлердің қатысуымен болған.

Дереккөздерге сүйенсек, жол апаты көп орын алатын күндер дүйсенбі, сенбі және жексенбі күндері екен. Ал жол-көлік оқиғасы аз тіркелген күн - бейсенбі.

Одан бөлек, жол апатының 68 пайызы күндіз тіркелген.

Өңірлер бойынша ЖКО көбінесе Алматы қаласында тіркеледі (3,5 мың ЖКО, жылына плюс 20,6 пайыз). ЖКО бойынша Алматы (1,9 мың жағдай) мен Жамбыл (1,4 мың) облыстары да көш бастап тұр. Түркістан облысында тіркелген ЖКО көбінесе өліммен аяқталды, өңірдегі оқиғалардың жалпы саны 37 пайызды құраған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ