Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 16 қаңтар күні таңертең қала көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
16 қаңтарға қараған түні елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 678 ауыр жүк көлігіне тең.
Қыс басталғалы бері барлығы 2 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 164 мыңнан астам рейс жасалды.
Сонымен қатар қаладағы тротуарларда тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасын себу жұмысы үнемі жүргізіледі.