Бүгін, 2023 жылғы 16 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шара 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жалғасады.
Форум «Бөлінген әлемдегі ынтымақтастық» тақырыбы бойынша өтіп жатыр. Қазақстан тарапынан осы іс-шараға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысады.