• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 16 Қаңтар, 2023

Хоккейшілеріміздің қарқыны қатты

159 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шай­балы хоккейден Қазақстан құра­масы қатарынан үш ойында қар­сыластарын ірі есеппен тізе бүк­тірді.

Ғалым Мәмбетәлиев жетекшілік ететін жерлестеріміз үшінші турда Ұлыбритания құрамасына еш мүмкіндік қалдырмай, 15-1 есебімен тас талқанын шығарды. Бірінші кезеңде Қазақстанның студент хоккейшілері қарсыластарының қақпасына алты шайба енгізсе, кейінгі екі кезеңде тағы тоғыз мәрте мергендік танытты.

В тобында сынға түсіп жатқан Қазақ­станның студенттер құрамасы бірінші тур­да Корея хоккейшілерін 5:1 есебімен тізе бүктірсе, екінші турда Мажарстан құрамасын 9:1 нәтижесімен сүріндірген-ді. Жерлестеріміз келесі ойынын 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен өткізеді. А тобында Канада, Чехия, Жапония, Латвия, Швеция және Украина хоккейшілері бақ сынап жатыр. Плей-офф кезеңіне әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар шығады.

Қазақстан құрамасы медаль кестесіндегі жалпыкомандалық есепте 1 алтын медальмен Эстония екеуі 9-орынды бөлісіп тұр. Жалғыз жүлдені ел қоржынына биатлоншы Вадим Куралес салған еді.