• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Хоккей 17 Қаңтар, 2023

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

1766 рет
көрсетілді

Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиадада Словакия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Словакияны 4:0 есебімен ұтты. Шайбаларды Максим Мұхаметов (8-минутта), Станислав Александров (10-минутта), Батырлан Мұратов (20-минутта) және Олег Бойко (29-минуттта) соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиадада қатарынан төртінші ірі жеңіске жетті. Бұған дейін Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) жеңген болатын. Сондай-ақ Қазақстан 2019 жылы Красноярск қаласында (Ресей) өткен Универсиадада жеңілгені үшін Словакиядан есесін қайтара алды.