• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2023

Ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жоба таныстырылды

454 рет
көрсетілді

16 қаңтарда Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану зертханасының Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры мен AlmaU урбанистика орталығы бірлесіп ұйымдастырған қорытынды таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дома лучше» жобасы – Қазақстандағы қала мен ауылдың айырмашылығы мәселесін зерттеуге бағытталған қоғамдық әлеуметтану зертханасы. Бұл зерттеудің негізгі мақстаты – Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы тұрғындардың «үй» ұғымын қалай түсінетінін анықтау.

Таныстырылымда әлеуметтанушы, РХШжМҚА Федеративті зерттеу әдістемесі орталығының директоры Дмитрий Рогозин мен жоба кураторлары урбанистика орталығының тәжірибе бойынша профессоры Александр Вилейкис, AlmaU урбанистика орталығының директоры Әнел Молдахметованың қатысуымен ашық дискуссия өтті.

Жоба кураторы, аймақтық даму бағдарламасының және Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Фатима Герфанованың айтуынша, зерттеу нәтижесінде дайындалған policy-paper-де ауылда бос уақыт өткізудің маңыздылығы, ауыл тұрғындарының өзара қарым-қатынасын құру қажеттілігі туралы қызық қорытындылар бар.

«Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры Қазақстанның ауылдық аймақтарында жұмыс істегендіктен біз жыл сайынғы көші-қон ағынына куә боламыз. «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану зертханасы аясында бізді ауыл тұрғындарының ауылда қалуына не түрткі болады, ауыл тұрғындарына қалаға көшсе де «туған ауыл» қаншалықты маңызды, қазір қалада тұрып жатқан ауылдан шыққан азаматтар қандай жағдайда ауылдарға қайта көшуге дайын деген сұрақтар мазалады. Зерттеу қорытындысы мен ұсыныстар негізінде болашақта Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры жұмыс істейтін ауылдарда түрлі жобалар жүзеге асырылмақ», деді Фатима Герфанова.

Этнографикалық сұхбаттар нәтижесінде зерттеушілер түрлі әлеуметтану жобаларының тиімділігін, ауылды дамыту бойынша жүргізілген саясат салдарын, қала мен ауыл арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтықтың себебін бақылай алды. Зертхана қорытындысы ретінде зерттеудің баяндау бөлігі, фото материалдар мен ауылды дамыту бойынша кеңестер қамтылған policy-paper жарияланды.

Зертхана аясында қазанда open-call нәтижесінде іріктеп алынған қатысушылар әдістемелік тренингтен өтіп, Алматы, Макинск, Капитоновка пен Вознесенкада ақпарат жинады. Одан кейін қатысушылар жиналған материалды (сұхбат пен суреттер) реттеп, зертханада анықталған мәселелерге шешім ұсынатын policy-paper-де концептіге сай орналастыру үшін екі ай бойы кездесіп тұрды.