• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Қаңтар, 2023

Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға қатысты жиын өтті

403 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша әкімшілік реформаны жүзеге асыру барысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі заң жобасы бойынша қазіргі жағдай туралы қысқаша баяндады. Заң жобасы аясында 159 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 конституциялық заңға, 13 кодекске және 143 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 568 өкілеттікті қайта бөлу қарастырылған.

Жиын барысында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға заң жобасын келісуді жеделдетуді тапсырды.