• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қаңтар, 2023

Сенатта майнерлер қызметі туралы заң талқыланды

183 рет
көрсетілді

Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары майнинг пулдарының қызметіне және цифрлық майнерлердің қызметін лицензиялау мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжаттың мақсаты – Қазақстанда цифрлық активтер мен цифрлық майнингті шығару және айналымы жөніндегі қызметті дамыту үшін құқықтық база құру.

Сенаторлардың пайымдауынша, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң цифрлық активтердің қызметін лицензиялауды көздейді және майнинг пулдарының жұмысына ықпал етеді. Заңда салық салу мақсатында цифрлық майнерлер мен пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты ережелер көрсетілген.

Заңдағы маңызды жаңалықтардың бірі – майнерлер цифрлық биржалардың қызметін белгілі түрде регламенттейтін болады, ал мемлекет өз кезегінде осы саланы бақылауға ала алады.

Депутаттар заң цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастыруға, тұтастай алғанда ел экономикасының дамуына үлес қосатын шетелдік инвестицияны тартуға, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп санайды.

Сенаторлар қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін бірқатар ілеспе заңдарды да қарады. Соның ішінде цифрлық активтер, ақпараттандыру және сот әкімшілігі мәселелері бойынша заңнамалық актілерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық кодексі мен оны қолданысқа енгізу туралы заңға түзетулер сияқты мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар