• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қаңтар, 2023

Украинаның ішкі істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты

246 рет
көрсетілді

18 қаңтарда Киев облысының Броварында Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский және оның орынбасары Евгений Рудный мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина Ұлттық полициясының басшысы Игорь Клименконың айтуынша, Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің тікұшағы апатқа ұшыраған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ апатынан 16 адам қайтыс болды, оның ішінде екеуі - бала. Зардап шеккен 22 адам ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде 10 бала бар.

Барлық мамандандырылған қызметтер апат орнына жұмылдырылды.