Филиппиннің сейсмология қызметі бүгін Филиппиннің оңтүстігіндегі жағалауда 7,3 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:06-да тіркелді. Зілзала ошағы Батыс Давао провинциясындағы Сарангани қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 352 шақырымдай жерде орналасқан. Қайнар көзі 64 км тереңдікте жатыр.
Сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, тектоникалық жер сілкінісінен кейін ғимараттардың қирауы ықтимал. Жерасты дүмпуі Филиппиннің екінші үлкен аралы Минданаоның көптеген бөліктерінде сезілді.
Филиппин елі сейсмикалық белсенділігі жоғары Тынық мұхитының өрт сақинасында орналасқан.