• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қаңтар, 2023

Экс-Президенттің отбасына тиесілі мүліктер тексеріле ме?

192 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары Тұңғыш Президенттің отбасына тиесілі мүліктерге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізде Тұңғыш Президенттің отбасына немесе басқа біреуге қарсы іс қозғау міндеті жоқ. Біз елден заңсыз шығарылған барлық капиталды тексерумен және қайтарумен айналысамыз. Қазір Әділет министрлігі заңнаманы қайта қарау және үйлестіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тиісті түзетулер Қылмыстық кодекске әлі енгізілген жоқ. Әділет министрлігі қандай заңнамалар Тұңғыш Президент пен оның отбасына қатысты, ал қайсысы қатысты емес екенін анықтау үшін талдау жасайды», деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Оның айтуынша, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті сынды ведомстволар жеткілікті негіздерді анықтаса, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті