• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2023

Ақмола облысында жасөспірім қыз үйінен қашып кеткен

200 рет
көрсетілді

16 қаңтар күні Целиноград ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 36 жастағы тұрғынның 16 жастағы жиені үйден кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

16 жастағы қыз және оның ағасы мен інісі 36 жастағы әйел адамның қамқорлығында.

Әйел жасөспірім қыздың WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығып, өзінің Астанада екенін айтқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер кәмелетке толмаған қыздың аудан аумағынан кетпегенін анықтады.

«Қыз осы уақыт бойы осы ауылда тұратын құрбысының үйінде болғаны белгілі болды. Полиция жасөспірімді үйіне қайтарды», деп жазылған хабарламада.