• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қаңтар, 2023

Астанадағы бірнеше көшенің атауы өзгереді

346 рет
көрсетілді

Елордадағы бірнеше көшеге белгілі қайраткерлер мен жазушылардың есімдері берілмек. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қалалық тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біз Астананың кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды талқылаймыз. Жобалық атау бойынша, А-23 көшесіне Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, майдангер, белгілі журналист Әскен Нәбиевтің есімі, А-24 көшесіне  Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтың есімі, Е-12 көшесіне Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі, Е-20 көшесіне Ұлттық ғылым академиясының академигі Шапық Шокиннің есімі, Е-753 көшесіне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, доктор, профессор Санжар Асфендияровтың есімі, №187 көшеге балалар әдебиетінің белгілі өкілі, классик жазушы Бердібек Соқпақтаевтің есімі, №189 көшеге Мысырды билеген қазақ даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың есімін беру жоспарланып отыр», деді Сәкен Есіркеп.

Сондай-ақ №23-16 көшелері мен Мағжан Жұмабаев даңғылын біріктіріп, жалпы атауын Мағжан Жұмабаев даңғылы деп өзгерту ұсынылды. Елорданың оң жағалауындағы бұрынғы М.Мәметова көшесін Іле өзенінің бойында орналасқан ортағасырлық қаланың атымен Қарамерген деп атау ұсынылады. Бұқар жырау көшесіне, яғни Сауран көшесінің Ботаникалық бақтан Mega Silkway сауда орталығына дейінгі қысқа бөлігіне Гейдар Әлиев есімін беру ұсынылды.