Арнайы операцияны Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды», деді Жетісу облысы ПД-ның ресми өкілі Меруерт Морякова.
Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша жүргізіледі.
Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.