20 қаңтар күні сағат 07:10-да «Киа» автокөлігінің жүргізушісі 1998 жылы туған азамат Ж.Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан троллейбус жүргізушісі азамат К.-ны қағып кетті. Апат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.