• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2023

Елорда тұрғыны түрмеге есірткі өткізбек болған

315 рет
көрсетілді

Астана қаласының ҚАЖ департаментінің №2 мекемесіне есірткі алып кірмек болған 30 жастағы елордалық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент мәліметінше, күдікті шай пакеттерінде тыйым салынған есірткінің барын білмеген. Ол заттарды таныс емес азаматтың сұранысы бойынша мекемеге алып келген. Алайда бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды.

Күдіктіге қатысты қылмыстық теріс әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша жаза қолданылады.

– Қандай да бір тұлғалар қылмыстық-аткару жүйесі мекемелерінің аумағына сауқаттарды апарып беруін өтінген жағдайда азаматтарға сақ болып, таныс емес тұлғаларға сенім артпау керектігін ескертеміз. Себебі әкелушінің берілген заттардың ішінде сотталғандармен қолдануға тыйым салынған құрал, бұйым, тағы басқа заттардың бар екенін білмегені қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, – деп атап өтті Астана каласы КАЖД бастығы Д. Рақымбеков.