• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2023

Екібастұзда 65 тұрғын үй жылудан ажыратылады

231 рет
көрсетілді

Бүгін Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жұмыстар жоспарланған. Жөндеу кезінде 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылудан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8 көшелері бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақаулы учаскелері ауыстырылады.

Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықтауды өшіру 3-тен 8 сағатқа дейін созылады. Жөндеу жұмыстарына 37 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылады.

«Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі», делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, қаланың жылу желілерінде 131 зақым жойылды, қалған 23-і алдағы 10 күнде жойылады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар