Алматыда шетелдік көліктерді заңдастыру акциясы аясында алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
39 жастағы Алматы тұрғыны Сейілбек Олжабеков бүгін Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.
«Мен көпбалалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаланып, ақырында көлігімді заңдастырдым», деді ол.
Бүгін Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл акцияны пайдаланып, заңдастыруға өтініш бере алады.
Ережелерді мына жерден табуға болады.