• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қаңтар, 2023

Бір түнде Астанадан 16 мың текше метр қар шығарылды

304 рет
көрсетілді

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Күн сайын қала көшелері мен жолдарын қардан тазалау жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшысы тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

25 қаңтарға қараған түні қала сыртындағы қар полигондарына 16 мың текше метр қар немесе 1 255 рейс шығарылды.

25 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмыстарына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 209,1 мың ауыр жүк көлігіне тең.