Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында өткен «Челленджер» сериясының арнайы жамылғы төселген турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан теннисшісі Қытай Тайбэйінен келген Вун-Лин Вуды екі сетте жеңді. Матч 7:5, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.
Енді екінші раундта Петропавл қаласының тумасы колумбиялық Николас Мехиге (260 АТР) қарсы ойнайды.
Айта кетсек, Үндістанның Пуна қаласында ITF World tennis tour сериясындағы әйелдер турнирі өтіп жатыр. Аталмыш турнирдің жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстан теннисшілері Жібек Құламбаева (483 WTA) мен Гозаль Айнитдинова (585 WTA) бірінші айналымның кедергісін оңай еңсерді.
Жібек Құламбаева Ресей өкілі Екатерина Рейнгольдты (294 WTA) 0:6, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен жеңді, ал Гозаль Айнитдинова жапондық Фуна Козакиді (861 WTA) 5:7, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.