Түркістан қаласында аймақ елдері парламенттерінің басшылығы қатысатын Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 ақпанда Парламентаралық форумның отырысы өтеді. Мұнда Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері және осы үдерістегі парламенттердің рөлі, сондай-ақ парламентшілердің ортақ тарихи-мәдени мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтудегі рөлі талқыланады.