• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Қаңтар, 2023

Талғардағы кісі өлімі: полицейлер күдіктіні ұстады

222 рет
көрсетілді

Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірді деген күдікке ілінген адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«24 қаңтар күні сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының ПБ-ге оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-сында тіркелді. 1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар