Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысында еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашқан реформа жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес. Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.