ИИДМ басшысы Марат Қарабаев «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Алп Ер Тунга Ерсоймен кездесу өткізді. Кездесу барысында әуежай басшылығы Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның іске асырылуы туралы баяндады.
Жиын қатысушылары әуежайды перспективалы дамыту бойынша жұмыстың негізгі аспектілерін талқылады.
Бүгінгі таңда әуежай дамуының оң динамикасы және жолаушылар ағынының өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылы әуежай 7 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен.
Айта кету керек, жобаның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының жекен бақылауында. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ