Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның хабарлауынша, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», Qazaq Air, «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өндеу» компанияларының басшылары ауысты.
Менеджер ауқымды өзгерістер «Самұрық-Қазына» басындағы қордан басталғанын айтып өтті.
Жыл басында топ-менеджерлер саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі жаңарды. Бүгінгі таңда үш басқарушы директор - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.