• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 26 Қаңтар, 2023

Төрт құраманың жеребесі тартылды

115 рет
көрсетілді

Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алған төрт құраманың жере­бесі тартылды.

Нәтижесінде, аталған турнирдің бірінші жартылай финалында Испания құрамасы Италиямен кездесетін болды. Ал екінші жұпта Нидерланд пен Қатардағы былтырғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Хорва­тия құрамалары финал жолдамасын сарап­қа салады. Ұлттар лигасының биылғы финал­дық кезеңі Нидерландтың Роттердам және Энсхеде қалаларында 14-18 маусым ара­лығында өтеді.

Жартылай финал матчтары 14 және 15 мау­сым күндеріне белгіленсе, үшінші орын мен финал 18 маусымда өтеді деп жоспарланған. Ұлттар лигасының былтырғы маусымында Франция құрамасы жеңімпаз атанған болатын.