Қазақстанның Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералды сауда министрі Саид Навид Камармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің өткен сапарының, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысының қорытындыларын талқылаған.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ арадағы іс-қимылды жалғастыруға уағдаласып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.