Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ет консервілерін өндіру 5,5%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6,2 мың тонна ет консервілері өндірілген. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 327 тоннаға аз болған.
Былтыр ет-көкөніс консервілерінің өндірісі бірден 32,5%-ға өсті. 2021 жылы өндірушілер консервілердің осы түрінің 874 тоннасын шығарған. Ал 2022 жылы 1 182 тоннасы өндірілген.
Сондай-ақ өткен жылы қызанақ консервісінің өндірісі де өсті. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өсім 9,6%-ды құрады.
Көкөніс консервілерінің өндірісі 20,4%-ға төмендеп, 2022 жылдың 12 айында 7,4 мың тонна болды.