Қазақстан дзюдошысы Абиба Әбужақынова Португалияда өткен Гран-приде алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
48 келі салмақта финалда Абиба тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны жеңді. Мұндай деңгейдегі жарыстардағы қазақстандық қыздар арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті.