27 қаңтарда Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
«Қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген – поп, классикалық кроссовер, фольклорлық және опералық эстрада жанрларында әлемге әйгілі музыкалық орындаушы. Оның есімі Шығыс Еуропа мен Азияда, әсіресе Қазақстанда, туған елінде, сондай – ақ Қытайда, Ресейде 120-дан астам елде жанкүйерлер базасы бар», деп әртісті фестивальдің ашылуында таныстырды.
Фестивальдің бірінші күні әйгілі үнді режиссері Рахул Раваил басқарған халықаралық қазылар алқасы өз жұмысын бастады. Қазылар алқасында: Нин Ин (Қытай), Гульбар Толомушова (Қырғызстан), Иван Кудрявцев (Ресей), Мехмедсаид Шохийон (Тәжікстан), Матякуб Матчанов (Өзбекстан) және Димаш Құдайберген (Қазақстан) бар.
Байқау қазылар алқасының отырысында әр елден келген әріптестер 2023 жылғы ШЫҰ кинофестивалінің лауреаты атағына үміткер фильмдерді көру бойынша алғашқы нәтижелерді талқылады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалі кино өнерін дамытуға, мәдени бағдарламалармен, таланттардың жас ұрпағын тәрбиелеу қағидаттарымен алмасуға, сондай-ақ ұжымдық кинематографиялық тәжірибе жасауға бағытталған.