• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қаңтар, 2023

Әлем кубогінде жүлде алды

150 рет
көрсетілді

Бұл күндері Индонезия астанасы – Жакартада Олимпиада бағдар­ламасына енген винтовка және тапан­шамен нысана көздеуден Әлем кубо­гінің кезекті кезеңі өтіп жатыр.

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, жарыстың алғашқы күнінде спортшылар пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда сынға түсті. 60 рет нысана көздеп, 259,8 ұпай жина­ған Қазақстан спортшысы Константин Малиновский Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды.

Бұл сында бас жүлдені 261,6 ұпай жи­наған жапониялық Наоя Окада олжаласа, қола медаль швециялық мерген Маркус Мад­сенге бұйырды. Ол жалпы есепте 258,5 ұпай жинады. 7 ақпанға дейін жалғасатын жа­рысқа 31 елден 300 спортшы қатысып жа­тыр.