• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Қаңтар, 2023

Ықпалды Мәжіліс мінбері

296 рет
көрсетілді

Өткен жылғы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 19 наурызда өтетін саяси науқанның өзіндік ерекшелігі бар екенін айтқымыз келеді. Бұл доданың ерекше тұсы – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша сайлау тетігі ұсынылып отыр.

Бұны өз кезегінде «ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғышарты деп те ба­ғалауға әбден болады. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеу тетігінде де өзгерістердің орын алғанына қарап, саяси жүйедегі оң бағыттарды бағамдауға болады. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы пропор­ционалдық, 30 пайызы мажоритарлық жолмен сайлануын сайлаудың басты жаңа­лығы ретінде айтқымыз келеді. Мұндай пікірге келуімізге депутат болғысы келген үміт­керлерге партия тізімімен немесе қоғам­дық ұйымдар атынан ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен де сайлауға қатысу мүмкіндігі болатындығы себеп болып отыр. Бір мандаттық округтердегі сайлау өте белсенді болары күмән туғызбайды. Саяси бәйгеде елінің ертеңін, балаларымыздың болашағын ойлайтын нағыз халық қалау­лы­ларының бәсі басым болатынына сенім мол. Аралас жүйеде өтетін саяси додада ірік­те­ле­тін азаматтар Мәжіліс мінберіне сай мемле­кетшіл, Әділетті Қазақстанның нағыз патриот­тары болса деген үкілі үмітіміз бар.

Халықтың қолдауына ие болған Прези­денттің тағдыршешті қадамдарын жүзеге асыруға аянбай атсалысу – баршамыздың міндетіміз.

 

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,

Ұлттық құрылтай мүшесі,

ҰҒА академигі