Жаңа Зеландияның Окленд қаласында толассыз жауын-шашынның әсерінен су тасқыны болды. Салдарынан кейбір ғимараттар қирап, адамдар қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Окленд қаласында 15 сағаттың ішінде маусымдық жауын-шашынның 75 пайызы түскен. Қала табиғаттың тосын мінезіне дайын болмаса да, жергілікті ТЖ қызметі дер кезінде су тасқынына қарсы шаралар қабылдап, эвакуация жүргізген. Десе де 4 адам қайтыс болып, біршама адам зардап шеккен.
Синоптиктердің болжауынша, мұндай толассыз жаңбыр әлі де тоқтамайды. Жаңа Зелендияның басқа да қалаларында жаңбырлы күндер болады.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті