• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2023

Дания үшінші рет дара шықты

178 рет
көрсетілді

Швеция мен Польшада ұйымдас­ты­рылған гандболдан биылғы әлем чем­пионаты өз мәресіне жетті.

Стокгольмде өткен финалдық бәсекеде Дания мен Франция құрамалары кездесті. Бұған дейін қатарынан екі әлем чемпионатында дара шыққан даниялық гандболшылар франциялықтарды 34:29 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан үш әлем біріншілігінде үздік шыққан тұңғыш құрама атанды. Олар бұған дейін 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ Дания спортшылары 2016 жыл­ғы Рио Олимпиадасында, 2008 және 2012 жыл­дардағы Еуропа чемпионаттарында топ жарды. Қола жүлдені Швецияны 39:36 есебі­мен жеңген Испания құрамасы же­ңіп алды.