• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 31 Қаңтар, 2023

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

794 рет
көрсетілді

Мереке Нұрмұханова Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке Нұрмұханова 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын республикалық журналдың тілшісі болып бастады. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ақпараттық бөлімінде редактор-жүргізуші, республикалық «Жетінші» арнада арнайы тілші болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болған.