• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Ақпан, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

267 рет
көрсетілді

Жакартада (Индонезия) өтіп жатқан винтовка және тапаншадан нысана көздеу спортынан Әлем кубогі үшін жарыста жер­лестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр. Бәсекенің кезекті күнінде Қазақ­стан спортшылары алтын жүлде же­ңіп алды.

Еліміздің әйелдер құрамасы 10 метр­ден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде үздік нәтиже көрсетіп, алтын­нан алқа тақты. Бұл сында ел намысын қорғаған Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева үштігі финалда Син­гапур мергендерімен сайысып, 17:15 есебімен басым түсті.

Бұған дейін жерлестерімізден пнев­матикалық винтовкадан 10 метрден оқ атуда Константин Малиновский – күміс және дәл осы қашықтықтағы аралас жұпта Валерий Рахымжан мен Ирина Юнусметова қола жүлде жеңіп алған болса, пневматикалық тапан­шадан 10 метрден нысана көздеуден командалық сында Қазақстан құрамасы күміс жүлде жеңіп алған еді.

Әлем кубогінде 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалаған Қазақстан құрамасы жал­пыкоманадалық есепте Аустрия мер­ген­дерімен бірге екінші орынды өзара бөлісіп тұр.