• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Ақпан, 2023

Жыл бапкері атанды

105 рет
көрсетілді

Вильнюстің «Жальгирис» клубын жаттықтыратын Қазақстан маманы Владимир Чебурин төртінші мәрте Литваның ең үздік бапкері деп танылды.

57 жастағы Қарағанды облысының тумасы Владимир Чебурин бапкерлік қызметін 2007 жылы бастады. Ол әр жылдары «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарын жаттықтырып, 2014 жылы Литваның «Круоя», «Судва» командаларының бас бапкері болып тағайындалды. «Судваны» үш жыл жаттықтырып, үш рет Литва чемпионы атандырды. Осы жетістігінің арқасында ол 2017, 2018 және 2019 жылдары Литваның жыл жаттықтырушысы атанған болатын.

2021 жылы «Жальгирис» клубының тізгінін ұстаған отандасымыз Вильнюс ұжы­мымен сол жылы Литва чемпионы атанды.